Қазақстанның Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймасынан өрт шығып, жарылыс болды.
«ҚазАқпарат» агенттігінің Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасай хабарлаған мәліметінде, Оқиға 26 тамыз кешке қарай орын алған.
«Бүгін сағат шамамен 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шықты. Өрт салдарынан белгісіз заттың жарылысы орын алды. Өртті сөндіруге бөлімнің шынжыр табанды өрт сөндіру машинасы мен өрт сөндіру командасы жұмылдырылған. Оларға Жамбыл облыстық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері көмек көрсетуде. Өрт ошағын жою жалғасып жатыр. Өрттің неден шыққаны анықталу үстінде», - делінген ақпаратта.
Осы оқиғаға байланысты, апат болған аумақтан эвакуацияланған тұрғындарға арналып, облыс орталығынан 400-ден астам орын дайындалған.
26 тамыз сағат 23.30-дегі жағдай бойынша Тараз қалалық №1 ауруханасына және Байзақ аудандық орталық ауруханасына 66 адам жеткізілген болып, олардың көпшілігі жеңіл жарақаттанған болса, 2-і азамат ауыр жарақат алған.
<iframe width="680" height="360" src="https://www.youtube.com/embed/pYgIyO_3eSU" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>