French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Жалаңтөс Баһадүр» тарихи фильмінің түсірілімі басталды
16:34 / 2022-09-16

XIV Ташкент халықаралық кинофестивальі аясында «Өзбекстан киносы күндері» өтуде. Осы маңызды шара шеңберінде «Узбекфильм» киноконцернінің жаңартылған панорамалық павильонының таныстырылымы болды.

Жаңа панорамалық павильон жоғары заманауи көркемдік және технологиялық деңгейде фильмдер түсіруге мүмкіндік береді. Бұрындары блокбастер мен экшн фильмдері хромакей арқылы түсірілсе, бүгінде StageCraft технологиясын қолдану арқылы барлығы жаһандық деңгейде өзгереді. Технология бір павильонның өзінде жоғары сапалы түсірілім жасауға мүмкіндік береді. Қымбат декорация орнына сахнаның артқы жағында қажетті атмосфераны толығымен жеткізе алатын үлкен ЛЕД жарықдиодты панельдер орнатылған.

Нәтижесінде виртуалды әлемнің жоғары сапалы бейнесі экранда көрсетіліп, оператор камерасына еш қиындықсыз қосылады. Фондағы нысандардың орнын камераның орналасуына байланысты өзгерту сапалы фильм түсіруге мүмкіндік береді. 

Кинофестиваль қонақтары жаңа павильонда «Жалаңтөс Баһадүр» тарихи фильмінің алғашқы эпизодын түсіру сәтіне күә болды. Қонақтар фильмнің режиссерлік камерада қалай түсірілгенін көру мен қатар, шығармашылық топ және фильм актерлерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.

Презентация аясында «Жалаңтөс Баһадүр» тарихи фильмінің түсірілімі басталды.