Жаһандық қару саудасы суық соғыстан бергі рекордтық деңгейге жетті
Жаһан қару саудасын талдайтын ЦАМТО (Жаһандық қару саудасы талдау орталығы) мәліметінше, 2024 жылы дүниежүзіндегі қару-жарақ саудасы көлемі суық соғыс аяқталғаннан бергі ең жоғарғы көрсеткішке жетті.
Орталықтың есебіне сәйкес, былтыр әлем бойынша кәдімгі қарулардың экспорт-импорт көлемі 111,615 миллиард АҚШ долларын құраған.
Салыстырмалы түрде алғанда, бұл көрсеткіш 2021 жылы – 82,942 млрд доллар, 2022 жылы – 106,185 млрд доллар, ал 2023 жылы – 96,889 млрд доллар болған. Бұл – жаһандық әскери индустрияның ауқымы жылдан жылға артып келе жатқанын көрсететін айқын мысал.