2026 жылды алғашқы күні 1 қаңтарда Өзбекстан аумағында 1094 сәби дүниеге келді.
1 қаңтар сағат 17:00-дегі мәліметке сәйкес, елімізде жалпы 1094 сәби өмірге келді. Олардың 539-ы ұл, 555-і қыз.
Өңірлер бойынша ең көп туу Ферғана облысында тіркеліп, 138 нәресте дүниеге келген.
Сондай-ақ Сұрхандария облысында – 135, Самарқанд облысында – 125, Қашқадария облысында – 121, Наманган облысында – 110 сәби туған. Ең төмен көрсеткіш Сырдария облысында байқалып, онда 19 туу фактісі тіркелді.
Хабарланғандай, дүниеге келген сәбилердің ішінде 17 егіз бар, олар жалпы саны 37 баланы құрайды. Атап айтқанда, 30-ы – егіз, 3-і – үшем, 4-і – төртем.
Қазіргі таңда республика бойынша босану кешендері мен медициналық мекемелерде дәрігерлер нәрестелерге белгіленген стандарттар негізінде сапалы медициналық қызмет көрсетіп жатыр.
Мереке күндері 4913 акушер-гинеколог, неонатолог, акушерка және мейірбике кезекшілік тәртібімен халыққа қызмет етуде.