Өзбекстан Республикасы Президентінің «2022 жылы ресми күндерді мерекелеу кезеңінде қосымша жұмыс емес күндерді белгілеу және демалыс күндерін ауыстыру туралы» Жарлығына сәйкес 2022 жылы мынадай қосымша демалыс күндері белгіленді:
а) барлық қызметкерлер үшін (жұмыс аптасының түріне қарамастан) 3 қаңтар – дүйсенбі, 22 наурыз – сейсенбі, 23 наурыз – сәрсенбі, 11 шілде – дүйсенбі, 2 қыркүйек – жұма;
б) алты күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін: 4 қаңтар – сейсенбі, 4 мамыр – сәрсенбі, 5 мамыр – бейсенбі, 12 шілде – сейсенбі, 3 қыркүйек – сенбі, 31 желтоқсан – сенбі.
Сонда өзбекстандықтар 5 күн қатарынан – 31 желтоқсан, 1-4 қаңтар аралығында жаңа жыл мерекесінде демалады.
Сондай-ақ, 2022 жылы бес күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтін қызметкерлердің демалыс күндері келесі тәртіппен ауыстырылды:
8 қаңтар – сенбі күнінен 4 қаңтар – сейсенбі күніне;
7 мамыр - сенбіден 4 мамыр – сәрсенбі күніне;
14 мамыр - сенбіден 5 мамыр – бейсенбі күніне;
16 шілде - сенбіден 12 шілде – сейсенбі күніне.