Жаңа Зеландия климаттық өзгеріске байланысты төтенше жағдай жариялады
Жаңа Зеландия парламенті климаттың өзгеруіне байланысты елде төтенше жағдай жариялады.
«Guardian» басылымының мәліметінше, парламенттік бастамада «су тасқыны, жаһандық мұхиттардың көтерілуі және табиғат өрті Жаңа Зеландияға және оның тұрғындарының әл-ауқатына, өндірістерге, су ресурстарына және халықтың денсаулығына кері әсерін тигізуде» делінген.
Жаңа Зеландия қабылдаған осы шешіммен климаттық дағдарыстың бар екенін мойындап, төтенше жағдай жариялаған 32 елдің қатарына қосылды.