Жаңа Ташкент бас жоспары «WAN Awards-2024» жүлдесінің шорт-листі қатарына енді
Жаңа Ташкенттің бас жоспары беделді «WAN Awards-2024» жүлдесінің «Болашақ жобалары – Бас жоспарлау» номинациясы бойынша финалдық кезеңге өтті.
Бұл халықаралық мойындау Жаңа Ташкенттің инновациялық урбанистика, тұрақты даму және болашақ қаласының тұжырымдамасына негізделген ерекше тәсілін растайды.
Жоба Қала құрылысының жаңа стандарттарын қалыптастырып, заманауи урбанистикалық дамудың үлгісі болуға бағытталған.