Жаңа оқу жылында Өзбекстандағы ЖОО-дың оқу ақысы өзгермейді
2022/2023 оқу жылында барлық мемлекеттік ЖОО-ның барлық курс студенттері үшін төлем-контракт сомасы өзгермейді.
Жоғары және арнаулы орта білім министрлігінің мәліметінше, ерекшелік ретінде 2022/2023 оқу жылына мемлекеттік жоғары оқу орындарында ақылы келісім-шарт негізінде барлық деңгейдегі студенттердің оқу ақысының мөлшері, оның ішінде қаржылық тәуелсіздік берілген ЖОО-да базалық төлем-келісімшарт құны 2021/2022 оқу жылына белгіленген мөлшерде сақталады.
Сонымен қатар, 2022/2023 оқу жылында сараланған төлем-контракт сомалары да өткен оқу жылына белгіленген мөлшерде өзгеріссіз қалады.