Біріккен Араб Әмірліктерінің WAM ақпараттық агенттігі Кения астанасы Найробиде Жаһандық медиа конгресінің медиаиндустриядағы үрдістер, проблемалар және мүмкіндіктерді талдауға арналған екінші «Ақ кітабін» ұсынды. Бұл туынды барған сайын күрделі түс алған медиа-ортада маңызды БАҚ көшбасшылығын атап өтеді.
Осыған орай ұйымдастырылған шарада сала басшылары, үкімет өкілдері, ғылыми топ өкілдері мен беделді тұлғалар «Ақ кітаптың» негізгі тақырыптарын, соның ішінде аудиторияның мінез-құлқын дамыту, технология, спорт және экологиялық журналистиканың маңыздылығын талқылады. Кениядағы және басқа елдердегі БАҚ-қа заманауи технологияларды енгізуде туындайтын мәселелерге және осыған байланысты қолда бар мүмкіндіктерге ерекше назар аударылды. Журналистерді жаңа технологиямен жұмыс істеуге дайындау үшін оқыту бағдарламаларын бейімдеу, аймақтық журналистика үшін IT-құралдарын оқшаулау қажет екендігі айтылған.

Абу-Дабиде өткен екінші Жаһандық медиа конгресстің қысқаша мазмұны болып табылатын «Ақ кітап» жасанды интеллекттің әсері, деректердің тәжірибедегі рөлі, қоршаған орта және спорт журналистикасы дамуы сынды медиа индустрияның болашағын қалыптастыратын негізгі мәселелерді талдайды. Тәжірибелі халықаралық сарапшылардың пікірлері баяндалып, медиа-индустрия алдында тұрған мәселелер қарасытырылған.

WAM бас директоры Мұхаммед Джалал Әл-Раисий «бүгінгі күні үлкен өзгерістердің табалдырығында тұрған медиа индустриясы көшбасшылардан күшті күш-жігерді қажет етеді» деп атап өтті.
Өйткені, болашаққа орнықты медиа индустрия құруға деген сенім мен міндеттеме БАҚ көшбасшыларының алдағы қиындықтарды еңсеруге дайын екенін растайды.

Шахноза Таштермирова, ӨзА