English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Жаңа «FlyOne Asia» әуе компаниясы Өзбекстанда 2026 жылдың сәуірінде жұмысын бастайды
16:50 / 2025-12-25

Лоукостер Ташкентті әлемнің 10 қаласымен әуе қатынасы арқылы байланыстыруды жоспарлап отыр.

Жаңа FlyOne Asia лоукостері (арзан әуе билеттерін ұсынатын компания) Өзбекстанда 2026 жылдың сәуір айында қызметін бастайды. Әуе компаниясы Ташкенттен Ресейдің кемінде 5 қаласына тұрақты рейстер орындауды жоспарлап отыр.

FlyOne Asia Ташкентті Ресейдің Мәскеу, Қазан, Екатеринбург, Самара қалаларымен байланыстыруды көздейді. Сонымен қатар рейстер бағытына Рига (Латвия), Шарджа (БАӘ), Тель-Авив (Израиль), Баку (Әзербайжан) және Кишинёв (Молдова) қалалары да енгізілген.

Әуе компаниясы 2025 жылдың ақпан айында «Asia Union Airlines» атауымен құрылған және Өзбекстанның түрлі қалаларынан Мәдинаға рейстер орындаған. Шілде айында ол Молдованың «FlyOne» әуе компаниясымен бірікті.

Жаз мезгілінде әуе тасымалдаушының паркі Airbus A320 әуе кемелерінің екі ұшағынан ресйтер орындаған.