Жаңа антирекорд: Өзбекстанда тәуліктік КВИ және пневмония жағдайлары 1300-ден асты
Денсаулық сақтау министрлігі Өзбекстанда жыл басынан бері коронавирустың күнделікті жағдайы бойынша тағы бір анти-рекорд орнағанын хабарлады.
«2021 жылдың 26 шілдесіндегі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялардың саны – 125 784 (+789) жетті», - делінген хабарламада.
Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі Ташкент облысы (105) мен қаласында (126 адам) тіркелген.
Республика аумағында коронавирус жұқтыру деңгейі артуымен қатар пневмония жағдайы да өсіп келеді. Кеше тағы да 521 азаматта ауру белгілері анықталған.
ДСМ-нің дерегінше, өткен тәулікте 871 азамат аурудан сауығып, 6 науқас індеттен көз жұмған.
Бүгінде елдегі сауыққандардың жалпы саны 120 320-ға жетіп, өлім саны 845-ті құрауда.