Жаңа антирекорд: Тәуліктік КВИ және пневмония жағдайлары 1200-ден асты
Өзбекстанда өткен тәулікте коронавирус және және пневмония жағдайлары 1200-ден асып жаңа антирекорд жасады.
«2021 жылдың 21 шілдесіндегі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялардың саны – 122 048(+719) жетті», - делінген ДСМ хабарламасында.
Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі Ташкент қаласында тіркелген - 126 адам.
Республика аумағында коронавирус жұқтыру деңгейі артуымен қатар пневмония жағдайы да өсіп келеді. 19 шілдеде 465 кісіде пневмония анықталған болса, 20 шілде күні 478, ал бүгін 492 азамат тіркелген.
ДСМ-нің дерегінше, өткен тәулікте 746 азамат аурудан сауығып, 4 науқас індеттен көз жұмған.
Бүгінде елдегі сауыққандардың жалпы саны 116 755-ке жетіп, өлім саны 814-ті құрауда.