Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Израильде медбикелер жалақыны көтеруді талап етіп, ереуілге шықты
14:58 / 2020-07-20

Елдегі коронавирустық жағдайдың нашарлауына байланысты медициналық кадрлардың жетіспеушілігінен жұмыс жүктемесі екі есе артқан


Израильде коронавирустық пандемия жағдайында медбикелер жалақыны көтеруді талап етіп ереуілге шықты.

«Тhe Jerusalem Post» хабарында, Израильдегі коронавирустық жағдайдың нашарлауына байланысты медициналық кадрлардың жетіспеушілігінен және жұмыс жүктемесінің жоғарылауына орай жалақыны жоғарылатуға деген наразылықтар басталған.

Онда айтылуынша көптеген медбикелер коронавирус жұқтырған жандар емделетін ауруханаларға жіберілуде. Алайда кадрлардың жетіспеуінен жұмыс жүктемесі екі есе артқан. Соның нәтижесінде қызметкерлер жалақыныда көтеруін міндеттеуде. Егер оны Қаржы министрлігі ескермесе Денсаулқ сақтау жүйесі құлдырап оның салдары көптеген көңілсіз жағдайларға әкеп соғуын ескерткен. Бір күн бұрын Қаржы министрлігі мен медбикелер одағы еңбек дауына байланысты келісімге келе алмағаны айтылады.

Соңғы мәліметтерге қарағанда Израильде қазір коронавирус жұқтырған 50 289 кісі тіркелген. Ал 21 675 азамат аурудан сауығып, 409 жан індет кесірінен көз жұмған.