Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Израильде COVID-ке қарсы вакцинацияның төртінші дозасы басталады
14:17 / 2021-12-22

Израиль премьер-министрі Нафтали Беннетт коронавирусқа қарсы вакцинаның төртінші дозасын енгізуді жақтаған Денсаулық сақтау министрлігі мамандарының ұсынысын қолдады.

The Jerusalem Post мәліметінше, вакцинацияның төртінші дозасын 60 жастан асқан азаматтар мен медицина қызметкерлеріне егу жоспарлануда. Екпе жасау процесі үшінші дозаданы қабылдағаннан кейін төрт айдан соң салынбақ.

Израиль үкімет басшысының айтуынша, бұл «әлемді шарпыған Омикрон толқынын жеңуге көмектеседі».

Беннетт өз сөзінде Израильдің әлемде бірінші болып COVID вакцинасының үшінші дозасын енгізгенін және төртінші вакцинаны бірінші болып қолданатынын айтқан.