23 қарашада Израильде 5 пен 11 жас аралығындағы балаларды коронавирусқа қарсы егу науқаны басталады.
Reuters-тің хабарлауынша, қазірдің өзінде елге балаларға арналған вакцинаның үлкен көлемі жеткізілген.
«Израильге өте үлкен көлемде балалар вакцинасының дозасы жеткізілді. Менің ұлым Давид вакцинаны алғашқылардың бірі болып алады", - деді Израиль үкіметінің басшысы Нафтали Беннет.
Ведомствоның атап өтуінше, соңғы бірнеше күнде індет жұқтырғандар санының жартысы 11 жасқа дейінгі балаларда кездескен. Осы жас санатында 9,4 миллионға дейін израильдік бар екені айтылады хабарламада.
Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, бұл топ қараша айындағы жаңа жағдайлардың үштен бірінен астамын құрады. Ғалымдар балаларға вакцина алмаса, Израильдің табындық иммунитетке қол жеткізе алатынына күмәнданады. Сонымен бірге, саясаткерлер вакцинация вирустың таралуын тоқтату үшін емес, ең алдымен жеке адамның денсаулығын сақтау үшін қажет деп санайды.