English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Израиль зымырандары ЮНЕСКО тізіміне енген тарихи бекініске зақым келтірді
09:41 / 2023-02-20

Дамасктегі тарихи бекініс Израильдің зымырандық шабуылдарынан зардап шекті.

Сирияның көне жәдігерлер мен мұражайлар бас басқармасының мәліметінше, бұл бекініс ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра нысандарының тізіміне енгізілген.

Жексенбіге қараған түні Израильдің зымырандық шабуылдары салдарынан бес адам қаза тапқан.

Сирия мен Түркияның солтүстік-батысында болған жер сілкінісінен 12 күн өткен соң Израиль Дамаскіге тағы да өлімге әкелетін зымыранмен атқылады. Израильдің қантөгісін халықаралық қауымдастық айыптайды.