Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Израиль жасөспірімдерге COVID вакцинасын егуді бастады
13:05 / 2021-06-07

Израильде 6 маусым, жексенбіден бастап 12-16 жас аралығындағы балаларға коронавирусқа қарсы екпе жасай бастады.

Le Figaro басылымының хабарлауынша, вакцинацияға тіркелу ерікті болып табылады және ел билігі кәмелетке толмағандарға COVID вакцинасының бір ғана дозасын енгізу туралы шешім қабылдады. Соның негізінде Pfizer/BioNTech вакцинасы қолданылатын болған.

БАҚ-тың жазуынша, Израильде көптеген жасөспірімдер коронавирусты жұқтырудан қорқады, сондықтан олар вакцинациялауға дайын. 

Еске сала кетейік, маусымның басынан бастап Израильде жабық жерде маска киюден басқа барлық карантиндік шектеулер алынып тасталды. Вакцина науқанының бес айында азаматтардың 55% -ы, яғни бес миллионнан астам адам вакцинация алды.