Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Израиль Өзбекстанның ДСҰ мүшелігін ратификациялады
11:40 / 2024-03-01

Израиль Өзбекстанның Дүниежүзіліс сауда ұйымына мүшелігін ратификациялады.

Өзбекстанның Израильдегі елшілігінің хабарлауынша, Израильдің Экономика министрі Нир Баркат БАӘ-де өтіп жатқан Дүниежүзілік сауда ұйымының конференциясы аясында Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары Джамшид Ходжаевпен кездесуде тиісті құжатқа қол қойды. 

Айта кетейік, ДСҰ-ға мүше болу үшін барлық мүше мемлекеттердің келісімі қажет.

ДСҰ-ға мүше болу Өзбекстан үшін кең мүмкіндіктер есігін ашады, мемлекет 164 елмен тең негізде сауда жасауға мүмкіндік алады.

Орталық Азияда Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан ДСҰ-ға мүше мемлекеттер болып табылады. Өзбекстан мен Түркіменстан қазір бақылаушы елдер.