Израиль Йемен астанасына соққы жасады
Израиль әскері Йемен астанасы Сана қаласындағы энергетикалық нысандарға бірқатар соққы берді.
Al Masirah телеарнасы таратқан хабарға сәйкес, Израиль Санада президент сарайының жанында орналасқан әскери лагерьге, YPC компаниясының жанармай құю станциясына және «Хазиз» электр станциясына әуе соққыларын жасаған.
Телеарнаның мәліметінше, шабуылдар салдарынан екі адам қаза тауып, бес адам жараланған.
Өз кезегінде, хуситтердің ақпарат қызметі жетекшісінің орынбасары Насруддин Амир Израиль шабуылдарының көп бөлігі тойтарылғанын мәлімдеді.