Израиль Украинада далалық аурухана ашты
Израиль үкіметінің қолдауымен Украина-Польша шекарасына жақын жерде орналасқан Мостиска қаласында гуманитарлық далалық госпиталь жұмысын бастады.
Euronews-тің хабарлауынша, мұнда Украинадағы соғыс қимылдары салдарынан жараланған көмекке мұқтаж жандарға медициналық қызмет көрсетіледі.
Израильдің Денсаулық сақтау министрлігі, Шеба медициналық орталығы және Clalit медициналық сақтандыру қоры басқаратын бұл далалық госпитальда қазірше 66 төсек орын бар болып, орталық аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат үздіксіз жұмыс істейді.
Ауруханада жедел жәрдем бөлмесі, босану, диагностикалық кабинеттер, психикалық денсаулық қызметі, зертхана және дәріхана бар және 60 қызметкер жұмыс атқаруда.
Израиль - Украинада далалық аурухана ашқан алғашқы ел.