Израиль әскерилері Рафахтағы негізгі су қоймасын жарып жіберді
Израиль әскерилері Газа секторының оңтүстігіндегі орналасқан Рафах қаласындағы орталық ауыз су қоймасын жарып жіберді.
«Басқыншы күштердің Тель-Султан аймағындағы негізгі су қоймасын бомбалауы ұжымдық жазалау және адамзатқа қарсы қылмыс саясатының жалғасы болып табылады», - деген Рафах қаласының мэрі Ахмед әл-Суфи.
Оның айтуынша, су қоймасының қирауы қаладағы гуманитарлық дағдарысты ушықтырады.
Ресми өкіл халықаралық ұйымдарды жағдайға араласып, Израильдің қылмысын тоқтатуға шақырған.
Израильдік Haaretz газетінің хабарлауынша, Израиль су қоймасының жарылғанын мойындаған. Армияның баспасөз қызметі оқиғаға қатысты тергеу басталғанын хабарлады.