Израиль қорғаныс күштері Газаға әуе соққыларын жасады
Израиль қорғаныс күштерінің жауынгерлері Газа секторындағы ХАМАС әскери нысандарына шабуыл жасады - бұл мамырдағы 11 күндік шиеленісі аяқталғаннан бергі алғаш қақтығыс болды.
Израиль Газа секторына әуе соққыларын бастады - бұл мамыр айында орын алған қақтығыстың 11 күндік шиеленісі аяқталғаннан бергі біріншісі. 16 маусым, сәрсенбіге қараған түні Израиль қорғаныс күштерінің (IDF) жауынгерлері Газа қаласында және сектордың оңтүстік бөлігіндегі Хан Юнустағы ЕуроОдақ реми таныған Хамас әскери нысандарына шабуыл жасады, деп хабарлады Reuters.
Израиль қорғаныс күштері әуе шабуылдарын Газа секторынан атылған «шарларға» жауап ретінде жасалғанын хабарлады.
Сонымен бірге, Израиль қорғаныс күштері «барлық сценарийлерге, соның ішінде Газадан шығатын террористік актілердің жалғасуы жағдайында әскери қимылдарды қайта бастауға дайынбыз» деп мәлімдеген.