English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Израиль мен Түркия дипломатиялық қарым-қатынастарын қалпына келтіріп, елшілерін қайтаруға келісті
10:28 / 2022-08-18

Израиль мен Түркия елшілері мен бас консулдарын қайтарып, бірнеше жылға созылған қарым-қатынастардағы шиеленістен кейін дипломатиялық байланыстарды толығымен қалпына келтірмек.

The Times of Israel газетіндегі дерек бойынша: «Түркиямен қарым-қатынасты қалпына келтіру аймақтық тұрақтылыққа қосылған маңызды үлес және Израиль азаматтары үшін өте маңызды экономикалық актив», - деген Израиль премьер-министрі Яир Лапид.

Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу өз кезегінде Түркия мен Израиль «қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру» үшін елшілермен алмасуға келіскенін растады.

Израильдік БАҚ өз кезегінде «шешім Лапидтің Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен жуырда телефон арқылы сөйлескенінен кейін қабылданғанын» атап өткен.

2018 жылдың мамыр айында Израиль-Газа шекарасындағы зорлық-зомбылықтан кейін Түркия өз елшісін кері қайтарып алып, Израиль елшісінен Түркиядан кетуін талап етті. Содан кейін тараптар бір-бірін қатты сынға алды, бірақ 2020 жылдан бастап олар бір-біріне деген көзқарасын өзгертіп, жақындасуға бет бұрды.