Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Израиль мен ХАМАС бітімге келісті, бірақ бұл жеткіліксіз – Палестина СІМ басшысы
09:29 / 2021-05-21

Израиль мен палестиналық топ ХАМАС арасындағы атысты тоқтату туралы бітім күшіне енген болса да, Палестина сыртқы істер министрі Рияд әл-Маликий бұл жеткіліксіз деп мәлімдеген.

«2 миллионнан астам халқы бар Палестина халқының ертеңгі күннің жарқын болатынын біліп, ұйықтағаны жақсы. Бірақ бұл жеткіліксіз, мүлдем жеткіліксіз», - деді ол БҰҰ Бас ассамблеясында Израиль мен Палестина мәселесі бойынша өткен мәжілісте.

Оның айтуынша, қақтығыстың басталуына Иерусалимдегі мұсылмандардың халі және қаланың кейбір орындарында палестиналық отбасыларды ығыстырып шығару себеп болған. Сондықтан бұл мәселелерді шешу қажет, деген ол.

Министрдің сөзіне қарағанда, Израиль қалада бірде-бір арабты қалдырмас үшін палестиналық отбасыларды Шығыс Иерусалимнен күштеп шығаруға тырысуда.

Палестина өкілі халықаралық қоғамдастықты қақтығысты «қарап отырмауға» шақырып, әлемдегі кез-келген мемлекет Израильдің Палестина халқына қарсы әрекеті үшін жауап беруін талап етуге міндетті екенін жеткізген.

10 мамырда басталған Израиль мен ХАМАС арасындағы соғыс әрекеті 11 күндік әскери қимылдардан кейін болған атысты тоқтату туралы келісімге келді. Атысты тоқтату режимі 2021 жылдың 21 мамыр түнгі саған 02:00де күшіне енген. Осы аралықта екі елден 200-ден астам азамат қаза тапқаны белгілі болды.