Израиль мен ХАМАС атысты тоқтату мерзімін ұзартуға келісті
Израиль мен ХАМАС Қатар елінің араласуымен уақытша бітімгершілікті тағы екі күнге ұзарту туралы келісімге келді.
«Жүргізіліп жатқан медиация аясында Газа секторындағы гуманитарлық үзілісті тағы екі күнге ұзарту туралы келісімге қол жеткізілді», - деп жазды Қатар Сыртқы істер министрлігінің өкілі Маджид әл-Ансари X әлеуметтік желісінде.
Израиль мемлекеті бұл туралы әзірге ресми түсініктеме берген жоқ, бірақ келісімді АҚШ Ақ үйі баспасөз хатшысы Джон Кирби растады. Оның айтуынша, екі күндік бітім кезінде тағы 20 израильдік әйел мен бала ХАМАС тұтқынынан босатылады.
Өткен аптада Израиль мен ХАМАС уақытша атысты тоқтату туралы келісімге келген. Негізгі келісім екі жақтан 4 күндік атысты тоқтатуды, Израиль түрмелеріндегі 150-ге жуық палестиналықтарды босатуды және 50-ге жуық израильдіктерді босату көзделген еді.