Израиль мен Газа оқ атуды тоқтатуға келісті
Израиль мен Палестина қарулы топтары сәрсенбіге қараған түні Мысыр, Қатар және БҰҰ-ның делдалдықпен атысты тоқтату туралы келісімге келді.
«Газа секторындағы израильдік және палестиналық (...) фракциялары атысты тоқтату туралы келісімге келді», - делінген Al Jazeera телеарнасының хабарламасында.
Осы келісімге «Мысыр, Қатар және Біріккен Ұлттар Ұйымы шенеуніктерінің күш-жігерінің арқасында қол жеткізілгені» атап өтілген.
Бұдан бұрын, Израиль әуе күштерінің ұшақтары сәрсенбі күні түнде Израильдің оңтүстігіне 37 зымыран атылғанына жауап ретінде Газадағы Хамастың бірқатар нысанасына шабуыл жасаған еді.