Израиль Ливанның шекаралас бірнеше аймағына әуеден шабуыл жасады
Израиль әуе күштері Ливанның оңтүстігіндегі шекаралық аймақтағы үш ауылға жасаған шабуылынан бес адам қаза тауып, тағы 18 адам жараланды.
Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, Израильдің Сафад, Чакра және Маждал Селм ауылдарына жасаған әуе шабуылынан жеті үйді қирап, 25 үйге зақым келген.
Агенттік дерегінше, «Хезболлах» әскери қызметкері Хабиб Маатук әуе шабуылында қаза тапқан.
Бұған қоса, Ливан армиясы Израильдің солтүстігіне шамамен 50 «жер-жер» зымырандары мен бірнеше ұшқышсыз ұшақтармен атқылаған.