Израиль коронавирустың жаңа «омикрон» штаммына байланысты екі аптаға шетелдіктер үшін шекараларды жабады,.
Ел премьер-министр кеңсесінің хабарлауынша, COVID-19-бен күрес жөніндегі министрлік комиссиясы шұғыл отырыста осындай шешімді мақұлдаған.
«Отырыста мынадай шешімдер қабылданды: Ерекшеліктер комитеті бекіткен жағдайларды қоспағанда, барлық елдерден келген шетелдіктерге Израильге кіруге тыйым салынады», - делінген хабарламада.
Шұғыл қабылданған шешім күшіне енген. Шетелден оралған израильдіктер әуежайда ПТР тестінен өтуі және карантинге алынады. Осы жағдайдан кейін олар тағы бір коронавирустық сынақтан өтуі керек. Ауырғандар және вакцинацияланғандар үшін карантин үш күнге созылады, екпе алмағандар үшін - қайта тестілеу теріс болған жағдайда карантин мерзімі 7 күннен 14 күнге дейін созылады.
«Қызыл» аймақ қатарына енген Африка елдерінен оралған израильдіктер (ауыру деңгейі жоғары, қазір барлық дерлік Африка елдері осы санатқа жатқызылған) мамандандырылған қонақүйлерде карантиннен өтеді.