Израиль коронавирусқа байланысты бір аптаға әуе қатнасын тоқтататын болды
Коронавирустың жаңа штамдарының таралуын болдырмау үшін Израиль 26 қаңтардан 31 қаңтарға дейін барлық халықаралық рейстерді тоқтатады.
Израиль үкіметінің шешіміне байланысты қаңтар айының соңына дейін халықаралық рейстер орындалмайды.
«Біз Бүкіләлемде алдыңғы қатардамыз. Бірде-бір ел біз жасамақ болған жұмысты істеген жоқ - біз елді герметик түрде бекітеміз» деген Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху үкімет отырысында.
Шектеулер шетелден келетін жүк және медициналық қызметтік рейстерге қолданылмайды. Ал Израильдің өзінен бірнеше себептерге байланысты азаматтар ұшып кетуі мүмкін: шетелде емделуге, қашықтан істеу мүмкіндігі жоқ жұмысқа, сот процестеріне қатысу, отбасы мүшелерін жерлеу рәсіміне қатысу немесе өзге елге қоныс аудару.