Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Израиль үкіметі елге келгендердің барлығын карантинге алу жайлы шешім қабылдады
11:03 / 2020-03-10

Таяу Шығыста коронавирус ең көп тараған аумақ Иран. Онда қазір аурулар саны 7161


Жер жүзінің 100 ден астам мемлекет аумағына тараған тәжіндетінен сақтану мақсатында Израиль үкіметі елге келген барлық адамдарды 14 күн карантиндік бақылауда ұстауын мәлімдеді.

Премьер-министр Биньямин Нетаньяхуның айтуынша 10 наурыздан бастап шетелден келер Израиль азаматтары карантиндік аймаққа бірден жіберіледі, ал шетел азаматтарының мәселесі 72 сағат ішінде шешілмек деген.

Израиль үкіметі мұндай тоқтамға келуіне ел аумағында коронавирусқа шалдыққандар саны 40-тан асқан соң қабылданған. Алайда бұл шешім бүгінге дейін ел аумағына кіріп келген азаматтарға қатысты болмайды.

Бүгінге келіп COVID-19 коронавирусы жер шарының 100-ден астам ел аумағына жетті. Бұл індеттің Таяу Шығыстағы ең көп тараған аумағы Иран болып, олар қауіпсіздік шарасын қаншалықты сақтамасын медициналың қауқарсыздығы арқасында вирус елдің барлық аймағына тарап үлгерді. Осының арқасында үкімет 125 мыңға жуық түрмедегі түтқынды бостандыққа жіберуге мәжбүр болды. Қазірде Қытайдан сырт елдер аумағында Италия коронавирустың қайнар ошағына айналған (9172 ауру). Мемлекеттің бүкіл аймағында карантин жарияланып, 3 сәуірге дейін өтетін барлық шаралар мен жиындар тоқтатылған.