Израиль Иранға әуе соққысын жасады
Израиль Иранға қатысты ескерту сипатындағы соққы жасап, ел аумағында төтенше жағдай режимін енгізді.
Бұл туралы Израиль Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мәлімдемеде айтылғандай, Израиль мемлекеті Иран тарапынан туындауы мүмкін қауіптің алдын алу мақсатында алдын ала соққы жасаған. Қорғаныс министрі Израэль Кац тиісті жарлыққа қол қойған. Соған сәйкес, бүкіл Израиль аумағында төтенше жағдай режимі жарияланған.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, жақын арада Израильге және оның бейбіт тұрғындарына қарсы зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары (дрондар) арқылы шабуылдар жасалуы мүмкін екені күтілуде.