French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Израиль Газа секторының оңтүстігінде әскери операцияны аяқтады
11:52 / 2024-08-31

Израиль армиясы Газа секторының оңтүстігінде операцияның аяқталғанын хабарлады.

«Әскерлер алты километрге жуық ұзындықтағы алты туннельді жойды, 250-ден астам лаңкестің көзін құртып, алты кепілге алынған адамның денелерін қайтарды», - делінген Израиль армиясының хабарламасында.

Сонымен қатар, әскери операция барысында 98-дивизия күштері Хан-Юнус және Дейр әл-Бала аудандарында ХАМАС-тың ондаған инфрақұрылым нысандарын жойған.

Газаның оңтүстігіндегі Хан-Юнус қаласындағы операция тамыз айында Израиль армиясы сол аймақта «лаңкестер мен лаңкестік инфрақұрылым» бар деген барлау мәліметтерін алғаннан кейін басталған болатын.

Израиль қорғаныс күштері Газада бейбіт тұрғындарға қарсы шабуылдарды қамтитын «Темір қылыштар» операциясын бастады. Израиль анклавты толық блокадаға алған: су, электр энергиясы, жанармай, азық-түлік және дәрі-дәрмек жеткізу тоқтатылған.