Израиль елшісі Өзбекстандағы миссиясын аяқтады
26 тамызда Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Эдуард Чапираны қабылдады
Израиль Мемлекетінің Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Эдуард Чапира миссиясын аяқтап жатыр.
26 тамызда Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Эдуард Чапираны қабылдады. Кездесуде Өзбекстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Елшінің жемісті жұмысы мен екі ел арасындағы қатынастардың дамуына қосқан үлесі сөз болып, әр түрлі салада жаслалған ынтымақтастық жағдайы мен перспективалары туралы пікір алмасылды.
Өз кезегінде Эдуард Чапира Ташкенттегі Израиль дипломатиялық миссиясының басшысы ретіндегі жұмысына қолдау көрсеткені үшін Өзбекстан СІМ басшысына алғысын білдірді.