Израиль армиясы Газа қаласында гуманитарлы үзіліс жариялады
Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) бейбіт тұрғындардың Газа қаласынан кетуіне рұқсат беру үшін төрт сағаттық атысты тоқтату туралы шешім жариялады.
«Сағат 10.00-ден 14.00-ге дейін гуманитарлық мақсатта Газаның Дарож-Туффа ауданында әскери операцияларға тактикалық үзіліс енгізіледі», - делінген ел армиясының әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде.
«РИА Новости» агенттігінің хабарлауынша, осы уақыт ішінде Израиль әскері халықты Салах ад-Дин жолына қарай жылжуға шақырған.