IV Азия жасөспірімдер ойындары Ташкентте өтеді
Бахрейн астанасы Манама қаласында жасөспірімдер арасындағы III Азия ойындары аяқталды.
Манама қаласында өткен Азия Олимпиялық кеңесінің Атқару комитеті отырысында 2029 жылғы IV Азия жасөспірімдер ойындарын өткізу құқығы Ташкентке берілетіні жөнінде шешім қабылданды.
III Азия жасөспірімдер ойындарының салтанатты жабылу рәсімінде бұл жаңалық ресми түрде жарияланды. Азия Олимпиялық кеңесінің (АОК) вице-президенті, Өзбекстан Ұлттық Олимпиада комитеті төрағасының бірінші орынбасары Отабек Умаров АОК туын қабылдап алды.
Еске сала кетсек, өзбекстандық спортшылар III Азия жасөспірімдер ойындарында 37 алтын, 16 күміс және 28 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 2-орынды иеленді.