Италияның Өзбекстандағы Елшісі дипломатиялық миссиясын аяқтады
2024 жылд 26 қараша күні Өзбекстан Республикасының сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Италияның Өзбекстандағы Елшісі болып қызметін аяқтап жатқан Агостино Пиннаниді қабылдады.
СІМ мәліментінше, кездесуде Өзбекстан мен Италия арасындағы стратегиялық серіктестіктің сәтті дамып келе жатқаны, атап айтқанда, динамикалық экономикалық ынтымақтастық, жаңа инвестициялық жобалар, кәсіпкерлер арасындағы тығыз байланыстар және тұрақты саяси диалогтар екіжақты қатынастарды нығайтуда маңызды рөл атқарып отырғаны атап өтілді.
«Сыртқы істер министрлігі атынан Елшінің біздің елдегі адал қызметі үшін терең алғыс білдіріліп, министр оның алдағы қызметінде табыстар тіледі», делінген хабарламада.