Италияның спорт басқармасы «Ювентус» клубына 15 ұпайды қайтарды
Италияның спорт басқармасы туриндік «Ювентус» клубының А Сериядағы 15 ұпайдан айыру туралы айыптау шарасының күшін жойды.
Reuters-тың хабарлауынша, іс сотта қайта қаралғанға дейін туриндік клубтың 15 ұпайы қайтарылады. FIGC федералды апелляциялық соты істі қайта қарауы керек.
Естеріңізге сала кетейік, туриндік клуб ойыншылардың трансферлік ақшасын жасырғандығы, қаржылық кірісті бұрмалағаны үшін айыпталып, қаңтар айында А Серияда 15 ұпайдан айырған болатын. Нәтижесінде 37 ұпай жинап, 3-орында келе жатқан «Юве» осыдан кейін 22 ұпаймен 10-ығысқан еді.