English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Италияның солтүстігі су тасқынына байланысты азаматтар эвакуацияланды
09:58 / 2024-09-20

Италияның солтүстігіндегі Эмилия-Романья облысында болған су тасқындары салдарынан 1 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды.

ANSA хабарлауынша, нөсер жауын-шашын салдарынан Равенна провинциясындағы Сенио және Ламоне өзендері арнасынан асып кеткен. 

Солтүстік Италияның кейбір аймақтарында жауындар көшкіндердің пайда болуына әкелді. Ең күрделі жағдай Болонья, Равенна, Форли-Чезена және Римини провинцияларында байқалған.

Эмилия-Романья аймағында бейсенбіге қараған түні пойыз қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты солтүстіктегі бірнеше провинциядағы мектептер жабық күйінде қалып отыр.