Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Италияның монополияға қарсы қызметі Google компаниясына 102 млн еуро айыппұл салды
14:04 / 2021-05-13

Италияның монополияға қарсы қызметі американдық Google корпорациясына нарықтағы үстем жағдайды асыра пайдаланғаны үшін 100 миллион еуродан астам айыппұл салды.

Агенттік сайтындағы мәліметінде, Alphabet Inc, Google LLC және Google Italy Srl компаниялары Еуропалық Одақта жұмыс істеу туралы шарттың 102-бабын бұзғаны үшін Италияның монополияға қарсы қызметі 100 млн еуродан астам айыппұл салғаны (102 084 433,91) жөнінде айтылған.

Монополияға қарсы орган «Google-ге Enel X қосымшасын Android Auto-ға электромобильдерді қайта зарядтау қызметін пайдалану үшін қосуды» бұйырды.

Агенттік өзінің ақпаратына сәйкес, американдық корпорация «Enel X Italia-ға өзінің JuicePass қосымшасының Android Auto-мен үйлесімді нұсқасын жасауға мүмкіндік бермеді» деп атап көрсеткен. Осылайша, Google «тұтынушыларға Enel X Italia қосымшасын электр көлігін басқару және қайта зарядтау кезінде пайдалану мүмкіндігін әділетсіз түрде шектеді», делінген хабарда.