Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Италиядағы халықаралық конференцияға Өзбекстан делегациясының өкілі төрағалық етуде
14:01 / 2022-10-07

Италияның Катания қаласында Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының Еуропалық аймақтық комиссиясының отызыншы конференциясы өтуде.

Мемлекеттік ветеринария және мал шаруашылығын дамыту комитетінің хабарлауынша, алқалы басқосудың тең төрағасы болып Ветеринария және мал шаруашылығын дамыту мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары Аброр Акбаров сайланды және халықаралық конференцияға төрағалық етуде.

Конференцияда ветеринария саласына халықаралық түрде назар аударылып жатқаны, жануарлардан адамға жұғатын аурулардың алдын алу, құстардың көші-қоны кезінде кең таралатын аурулардың алдын алу және бұл тұрғыда әлем елдері бірлесе күресу керек деген мәселелер талқылануда. 

Айта кету керек, Өзбекстанның эпизоотиялық тұрақтылықты сақтаудағы тәжірибесі бұл шарада соңғы бес жылда ветеринария саласында жүргізілген түбегейлі реформалар нәтижесінде жоғары бағаланып, конференцияға Өзбекстан өкілі төраға болып сайланды.

Конференция аясында еліміздің делегациясы екіжақты кездесулер мен келіссөздер жүргізуде. Атап айтқанда, Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының бас директоры Моника Элуа, БҰҰ Халықаралық азық-түлік ұйымының басшысы және Еуропалық Одақ өкілдері, сондай-ақ Италия, Чехия, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Германия және Әзірбайжан өкілдерімен екіжақты кездесулер мен келіссөздер жүргізілді.