Италиядағы Гарда көлінің суы рекордты деңгейде құрғады
Италияның солтүстігінде орналасқан, елдегі ең үлкен Гарда көлі құрғақшылық салдарынан суы рекордты деңгейде құрғады.
Associated Press дерегінше, көлдегі су Кариб теңізінің көрсеткіштеріне дейін жылына түскен.
Агенттік мәліметінше, Италияның солтүстігінде бірнеше ай бойы қатты жаңбыр жаумағанын, қыста қар өткен жылдармен салыстырғанда 70%-ға аз түскен.
Биылғы жылы қатты құрғақшылық Еуропаның көптеген елдеріне – Ұлыбритания, Германия, Испания, Нидерланды, Францияға әсер етті. Бірқатар өңірлерде суды рационалды тұтыну шараларына жүгіну қажет болған.
Бұған дейін құрғақшылыққа байланысты Италияның Пьемонт, Венето, Эмилия Романья, Фриули-Венеция-Джулия және Ломбардия аймақтарында 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін төтенше жағдай жарияланған болатын.