Италияда журналистер наразылық білдірді
Италиядағы «RAI» мемлекеттік телерадиокорпорациясы жаңалықтар қызметінің журналистері ереуіл жариялады.
Басшылықтың әрекеті мен үкіметтің ұжым қызметіне араласуының арқасында ұйымдастырылған шараға «Usigrai» кәсіподақ ұйымының мүшелері де қатысты. Белгілі болғандай, ереуілшілер бұл шешімді басшылық тарапынан «бағдарламалардың кәсіподақпен талқыланбай біріктіріліп, зейнеткерлікке шыққан немесе бала күтіміне байланысты демалыста жүргендердің лауазымдары толтырылмай, жалақысы қысқартылды» деген наразылық ретінде түсіндірген.
«RAI» құрамына орталық теледидар, радиостанциялар және сайттардың бірнеше арналары кіреді. «Rainews24» жетекші жаңалықтар арнасы ереуілдің белгісі ретінде дүйсенбі күнгі таңғы жаңалықтар бағдарламасының орнына алдын ала жазылған материалды көрсетуде.