Италияда туу көрсеткіші рекордтық деңгейде төмендеді
Италияда 2022 жылы шамамен 393 мың сәби дүниеге келді, бұл итальяндық штаттардың бір елге бірігу процесі аяқталған 1861 жылдан бергі ең төменгі туу көрсеткіші болды.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, статистикаға сәйкес 2022 жылы Италияда 7 нәресте өмірге келсе, 12 адам қайтыс болған. Тұрақты халық саны 179 мыңға азайып, 58,85 миллионға теңескен. COVID-19 пандемиясына байланысты 2020 және 2021 жылдармен салыстырғанда халық санының азаюы баяулаған.
Сарапшылардың пікірінше, елдегі туу деңгейінің төмен болуы – ұлттық төтенше жағдай. Премьер-министр Джордж Мелони өткен жылғы сайлау науқаны кезінде дәл осы мәселені шешуге уәде берген еді.
Италия Ұлттық Статистика Институты 2070 жылға қарай елдің 59 миллионға жуық халқы 48 миллионға дейін азаяды деп болжайды, бұл басқалармен қатар, зейнетақы жүйесі мен дәрігерлер жетіспейтін денсаулық сақтау саласына зиянын тигізетіні айтылған.