Италияда туристер мінген шағын қайық көлде суға батып кетті
Италияда дауыл салдарынан Лаго-Маджоре көліндеде туристер мінген қайық суға батып кетті.
Deutsche Welle дерегінше, кеме жексенбі, 28 мамыр күні кешке Ломбардия аймағындағы көлдің оңтүстік бөлігіндегі суға батып кеткен. Қайықта 23 турист пен екі экипаж мүшесі болған.
Жергілікті төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, оқиғадан кейін кем дегенде 19 жолаушы құтқарылған - олардың кейбірі өз бетінше жағаға жүзіп үлгерген.
БАҚ мәліметінше, бір адамның қаза тапқан. Қазіргі уақытта жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасуда.