Италияда мафияға қарсы ауқымды операция жүргізілді
Италия құқық қорғау органдары Сицилия мафиясына қарсы операция барысында 180 адамды ұстады.
Полиция мәліметінше, тұтқындалғандар есірткі саудасы, кісі өлтіруге талпыныс, бопсалау және заңсыз атыс қаруын сақтау сияқты көптеген қылмыстарға қатысы бар деп күдікке ілінген.
Италия премьер-министрі Джорджа Мелони X әлеуметтік желісіндегі жазбасында бұл операцияның «Сицилия мафия кланы Коза Ностраға ауыр соққы» болғанын атап өтті.
БАҚ-тың хабарлауынша, Коза Ностра қазіргі таңда өткен ғасырда қалыптасқан басқару әдістерін сақтай отырып, криптовалюта сияқты заманауи технологияларды белсенді қолдануда.
Полиция мәліметтеріне сәйкес, Коза Ностра әлі де Сицилия жастарын өз қатарларына тартуды жалғастыруда.