Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Италияда көшеде маска тақпауға рұқсат берілді
12:47 / 2021-06-28

Италияда дүйсенбіден бастап (28 маусымнан) ашық аспан астында маска тағу міндетінің күші жойылды.

Ел денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес барлық аймақтар эпидемиологиялық қауіптілік тұрғысынан қауіпсіз аймаққа көшуде. Дегенмен ел тұрғындарына кейбір басқа елдердегі сияқты ауру саны көбейген жағдайда масканы қайта тағуға тура келетіндігі туралы ескертілді.

Соңғы шешімге орай италияндықтар көлікте, дүкенде, жабық жерлерде, тіпті ашық ауада адамдар көп болған жағдайда бетперде тағу мен әлеуметтік арақашықтықты сақтау қажет болып табылады.

Қазіргі уақытта Италияда коронавирусқа қарсы халықтың 30% -дан астамы вакцинацияланған. Барлығы 50 миллионға жуық вакцина дозасы қолданылған.

Пандемия басталғалы Италияда ауруды жұқтырғандардың саны 4 258 069-ға жетті. Соңғы тәулікте елде мыңға жуық ауру жұқтырған жағдай тіркелді.