Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Италияда коронавирустың төртінші толқыны басталды
09:11 / 2021-07-30

Италиядағы коронавирустық жағдайды бақылайтын Gimbe қоры елде коронавирустың төртінші толқыны басталды деген қорытындыға келді.

Corriere della Sera басылымының хабарлауынша, Италияда 21-27 шілде аралығында коронавирусты жұқтырған науқастар арасында өлім санының өсуі байқалды. Бұған дейін бұл көрсеткіш 15 апта қатарынан төмендеген болатын. 

Сонымен қатар, елде коронавирустық инфекциялардың саны өткен аптада 64 пайыз - 31 963 жағдайға дейін өскен.

Қазір Италияда індетпен ауыратындардың күнделікті көбеюі шамамен 6 мың адамды құрауда және күн сайын орта есеппен 10-20 адамның өлімі тіркелуде.