Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Италияда кеме суға батып 58 адам қаза тапты
09:52 / 2023-02-27

Италияның оңтүстігінде мигранттар кемесі суға батып кетуі салдарынан 58 адам қаза тапты.

Кротоне қаласы мэрінің мәлімдеуінше, қайтыс болғандардың кем дегенде 20-сы кәмелетке толмағандар, соның ішінде сәбилерде бар.

Белгілі болғандай, бортында 150-ге жуық адамы бар үлкен қайық жағалауға жақындап, түспек болған кезде жартасқа соғылған.

«Осы уақытқа дейін 80 адам құтқарылды, оның ішінде қайық құлағаннан кейін жағаға жүзіп шыққандар да бар», - делінген жағалау күзеті хабарында.

Осы жағдайдан кейін Италия билігі құрлықта және теңізде ауқымды іздеу-құтқару операциясын бастаған.