Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Италияда «британдық» коронавирусқа ұқсас жаңа штам анықталды
15:22 / 2020-12-29

Италияда ғалымдар коронавирустың жаңа түрін анықтады. Бұл Ұлыбританияда тарап жатқан коронавирус түріне өте ұқсас деп айтылған.

La Repubblica басылымының хабарлауынша, «Елде «британдық» коронавирус түріне ұқсас вирус таралуда», - деген Италиялық вирусологтар қауымдастығының жетекшісі Арнальдо Карузо.

Коронавирустың бұл түрі көктемде COVID-19 індетіне шалдыққан науқаста анықталған.

«Науқас сауығып кеткеннен кейін де ол кісіде вирус белгілері байқалған. Бұл тұрақтылықтың себебін анықтау мақсатында вирусты зерттеуге бел будық және «британдық» нұсқаға ұқсас жаңа түрді анықтағанымызды түсіндік», - деп мәлімдеген Карузо.

Оның айтуынша, коронавирустық вакциналар осы штамға қарсы тиімді болады деп күтілуде.