Италияда Арменияға жөнелтілген 3 тоннаға жуық кокаин тәркіленді
Италияның қаржы гвардиясы Арменияға Эквадордан жіберілген 2734 келі рекордтық кокаин партиясын тәркіледі.
Тыйым салынған жүк оңтүстіктегі Калабрия аймағындағы Джойя-Тауро қаласының портында ұсталды. Есірткі 78 тонна бананның арасында 12 метрлік пакеттерде мұздатылған. Бұл екі контейнер Грузияның Батуми порты арқылы Гуаякилден (Эквадор) Арменияға бет алғаны айтылған құқық қорғау органы хабарында.
«Кокаин күрделі сканерлердің және Джоэл атты ит көмегімен анықталды. Тәркіленген есірткі өте таза және мінсіз күйде болып, есірткі саудагерлеріне 800 миллион еуродан астам табыс әкелетін еді», - делінген ақпартта.
Есірткі заттарды тасымалдау және кейіннен жою үшін Фингардтың 30-дан астам қызметкері жұмылдырылған.
2021 жылдың қаңтарынан бері Джоя-Тауро портында жалып 37 тоннаға жуық кокаин ұсталып, тәркіленді.